Шымкенттегі шенеуніктер иен далаға жарық пен су тартамыз деген желеумен 1,7 млрд теңгені игермек болған

Мәселеге прокуратура араласып, заңбұзушылықтың алдын алды

Шымкенттегі шенеуніктер иен далаға жарық пен су тартамыз деген желеумен 1,7 млрд теңгені игермек болған
Фото: © freepik.com

Шымкентте жапан далада орналасқан шағын ауданға инженерлік желілер тарту үшін  1,7 млрд теңге жұмсалмақ болған, хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Бірақ бұл жоспар дер кезінде тоқтатылып, бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алды алынды.

Тексеріс барысында бұл ауданда  тұрғын үйлер де, халық та жоқ екені анықталады. Соған қарамастан, жобаға қомақты қаржы қарастырылып қойыпты. Мәселеге прокуратура араласып, тексеру кезінде бюджет қаржысын жоспарлау мен пайдалануда бірқатар заңбұзушылық анықтады.

«Бір шағын ауданда инженерлік инфрақұрылым салу жобасын іске асыру кезінде бюджет қаражаты  негізсіз қарастырылған.  Аталған аумақта тұрғын үйлер де, тұрғындар да, қажетті құрылыс та болмаған, яғни инженерлік желілер тартуға нақты қажеттілік жоқ еді. Одан бөлек, жер учаскелерінің бір бөлігі бөлінбеген, жобалық-сметалық құжаттама жалған болып шықты. Сондықтан аталған жобаны жүзеге асыру үшін ерте әрі экономикалық тұрғыдан тиімсіз», — деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.

Тексерістен кейін жоба қайта қаралды. Қаржыландыру шарттары өзгертіліп, қосымша келісім жасалды. Нәтижесінде 1,7 млрд теңге үнемделді.