17.04.2026, 09:58
Заң мен тәртіп
Қарағанды облысында екі мотоцикл соқтығысып, екі жүргізуші де көз жұмды
Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті
Фото: © freepik.com
Кеше, 16 сәуір күні кешкі сағат 21:00 шамасында Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде екі мотоцикл соқтығысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, олар бір бағытта келе жатқан. Апат салдарынан 37 жастағы және 17 жастағы жүргізушінің екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен.
Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Полиция өкілдері жол қозғалысына қатысушыларды ережені қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе жылдамдықты асырмау және мотокөлік жүргізгенде шлем мен қорғаныш құралдарын міндетті түрде пайдалану қажет екенін ескертті.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды