Қазақстан құрамасы Бельгиямен тең ойнады
9-минутта ұлттық құрама ойыншысы Дастан Сәтпаев есеп ашты
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында өз алаңында Белгиямен тең ойнады, есеп 1:1, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Матч «Астана Аренада» өтті. 9-минутта ұлттық құрама ойыншысы Дастан Сәтпаев есеп ашты. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды. Екінші таймның басында Бельгия ойыншысы Ханс Ванакен гол соғып, есепті теңестірді.
Командалар бұл ойынға келесі құраммен шықты:
- Қазақстан: Анарбеков, Қасым, Әліп, Вороговский, Қайыров, Оразов, Тапалов, Чесноков, Самородов, Кенжебек, Сәтпаев.
- Бельгия: Селс, Кастань, Теате, де Винтер, Сейс, Раскин, Онана, Доку, Ванакен, Де Кетеларе, Троссар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бельгияға қонаққа барған Қазақстан құрамасы 6:0 есебімен жеңілген болатын. Бірінші таймда 41 минут шыдаған жерлестеріміз одан кейін қатарынан алты гол өткізді. Бельгия сапынан Кевин де Брюйне, Жереми Доку дубль жасады. Тағы екі голды Раскин және Менье соқты.
Бас бапкер отставкаға кетті
Осы ойыннан кейін Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Әли Әлиев отставкаға кетті. Әлиев бұл қызметке биыл қаңтарда келген болатын. Ол ресейлік маман Станислав Черчесовты алмастырған еді. Қазір белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарып жатыр.