11.11.2025, 11:00
Спорт
Қақпашы Темірлан Анарбеков қолтаңбасын қойған доп 12 млн теңгеге сатылды
Қаржы қайырымдылыққа жұмсалады
Фото: видеодан скриншот
«Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің қолтаңбасы қойылған доп аукционда 12 млн теңгеге сатылды. Оны Алматыдағы бір кәсіпкер сатып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақшаның арқасында бір отбасы баспаналы болған.
«Біз өз еліміздің дамуына үлес қосып, еңбек етіп жатырмыз. Атырауым, сіздерді жақсылық жасап жарысуға шақырамын. Ендігі пас сіздерге», - деген еді Анарбеков допты аукционға шығарғанда.
Еске салсақ, Темірлан Анарбеков биыл маусымда ерекше ойын үлгісін көрсетіп, қазақстандық футбол жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне ие болды. «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков қазір Қазақстан құрамасында өнер көрсетеді. Ол 15 қарашада болатын Қазақстан-Бельгия матчында да төбе көрсетпек.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды