$ 526.79  606.34  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 08:28
Спорт

«Интер» «Қайратқа» қарсы ойыннан кейін сынға ұшырады

Допқа 66 пайыз иелік еткеніне қарамастан, Кристиан Киву жаттықтыратын команда өз деңгейінде көріне алмаған

«Интер» «Қайратқа» қарсы ойыннан кейін сынға ұшырады
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Миландық «Интер» Чемпиондар лигасында алматылық «Қайратқа» қарсы ойыннан кейін сынның астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Сан-Сиро» стадионында өткен матч 2:1 есебімен италиялықтардың пайдасына аяқталғанымен, жеңіс оңайға соқпады. Команда шешуші голды тек екінші таймда соға алды.

Италиялық Sempreinter.com басылымның жазуынша, «Интердің» ойыны әлсіз көрінген:

«Допқа 66 пайыз иелік етіп, күтілетін голдар көрсеткіші 2,12 болғанына қарамастан, Кристиан Киву жаттықтыратын команда ойында өз деңгейінде көріне алмады. «Қайратты» жеңіл қарсылас деп ойлап, бұл кездесуді жай жұмыс күні ретінде қабылдағандай әсер қалдырды», — деп жазды басылым.

Материалда аталып өткендей, Лаутаро Мартинес алғашқы голды соққаннан кейін де «Интер» ойын барысын толық бақылауда ұстай алмады. Ал «Қайрат» қорғаушысы Офри Арадтың екінші тайм басындағы голы италиялықтар үшін нағыз ескерту болған. Нәтижесінде жеңіс «Интерге» тек Карлос Аугустоның алыстан соққан добынан кейін келді.

«Ақыр соңында «Интер» жеңіске жетті, бірақ олардың ойыны сенімсіз әсер қалдырды. Сондықтан Кивудың командасына алдағы демалыста өтетін «Лациоға» қарсы Серия А матчы алдында өз ойынын жақсарту қажет», — делінген мақалада.

Серіктес жаңалықтары