$ 522.49  601.07  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 15:30
Спорт

Қазақстанда тағы қандай футбол клубтары жекеменшікке өтеді

Футбол клубы коммерциялық тұрғыдан тартымды әрі өз өңірі үшін маңызды болуы керек дейді Лория

Қазақстанда тағы қандай футбол клубтары жекеменшікке өтеді
Фото: pixabay

Қазақстанда «Ақтөбе», «Оқжетпес» және «Ертіс» футбол клубтары да жекеменшікке өтуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Давид Лория отандық футбол клубтарын жекешелендіру процесі жалғасатынын атап өтті.

«Бәлкім, естіген шығарсыздар, «Ақтөбе» футбол клубы да инвестор іздеп жатыр. Сондай-ақ «Оқжетпес» пен «Ертіс» клубтары да осы бағытта. Енді бұл процесс тұрақты сипатқа ие болады деп ойлаймын. Әрине, бұл тез арада біте қоятын жұмыс емес, өйткені инвесторларға қызықты болу үшін футбол клубының барлық құрылымы болуы қажет. Яғни футбол клубы коммерциялық тұрғыдан тартымды әрі орналасқан өңірі үшін маңызды болуға тиіс. Кейбір клубтарға бұл оңайырақ болады, ал кейбірі үшін қиынға соғады. Бірақ бұл әлемдік тәжірибе. Барлық клубтың жағдайы бірдей емес», — деді Лория Үкімет кулуарында.

Бұған дейін қазақ футболын жақын арада қандай өзгеріс күтіп тұрғаны туралы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары