04.11.2025, 14:35
Спорт
«Оқжетпес» футбол клубын Қытай компаниясы сатып алатыны рас па
Шетелдік инвестордың қазақстандық клубқа инвестиция құюы қызықты тәжірибе болар еді деп санайды Лория
Фото: istockphoto.com
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория желіде тараған «Оқжетпес» футбол клубы қытайлық компанияға сатылуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, әлеуетті инвесторлармен келіссөздер өтеді.
«Әзірге күте тұрайық, менің білуімше, әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіледі. Кейін бұл мәселенің қаншалықты жүзеге асатынын көреміз. Шын мәнінде, шетелдік инвестор қазақстандық клубқа капитал салуға дайын болса, бұл өте қызықты тәжірибе болар еді», — дейді Лория Үкімет кулуарында.
Айта кетері, қазір елімізде футбол клубтарын жекешелендіру процесі жүріп жатыр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды