Гандболдан Қазақстанның әйелдер командасы өзбекстандық қарсыластарын жеңді
Ұлттық құрама А тобында екінші орында тұр
Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында гандбол сайысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 қазанда Қазақстан қыздар құрамасы Өзбекстанмен өзара мықтыны анықтады.
«Нәтижесінде отандастарымыз 31:23 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ұлттық құрама А тобында екінші орында тұр», - деп жазылған хабаралмада.
Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылар Бахрейндегі жасөспірімдер арасындағы III Азия ойындарында сәтті өнер көрсетіп, ұлттық құраманың қоржынына 4 алтын медаль салды.
Алғашқы алтынды тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы жеңіп алды. Екінші алтынды таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева иеленді. Аралас жекпе-жек шебері Амелина Бакиева да жеңіс тұғырына көтерілді. Көп ұзамай осы спорт түрінен Санжар Қартай чемпион атанды.