28.09.2025, 18:09
Спорт
«Реал» Алматыда «Қайратпен» ойнайтын құрамды жариялады
Чемпиондар лигасының матчы 30 қыркүйекте өтеді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы көптен күткен Чемпиондар лишасының матчы өтеді. Испаниялық клуб сапарға шығатын футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Реал» жариялаған құрам
Мадридтік клуб Алматыға келетін негізгі құрамды атады:
- Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро
- Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес
- Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос
- Шабуылдаушылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно
Матч 30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында өтеді.
«Қайраттың» дайындығы
Бұған дейін «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Темірлан Анарбековтің орнына қақпашы кім шығатынын айтқан еді. Алматы клубы тарихи кездесуге тыңғылықты дайындалып жатыр.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды