$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.09.2025, 00:30
Спорт

Он тоғыз жастағы қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды

Ксения Балабаева – Қазақстанның ересектер арасындағы әйелдер құрамасының мүшесі

Он тоғыз жастағы қазақстандық шахматшы әлем чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид бойынша) Ксения Балабаева жеңіске жетті. 19 жастағы отандасымыз әлем біріншілігінің 9-турынан кейін 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен (әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 секунд қосылады) өткізілді. Балабаева екінші жарыс күнінен кейін 5 ұпаймен көш бастап тұрған.

«Жарыстың соңғы күнін Ксения 47-ші жүрісте Умида Омоноваға мат қойып, жеңіске жетті. Кейін Анна Журова және Афруза Хамдамовамен тең ойнап, 1-орынды мерзімінен бұрын иеленді», - деп жазды портал.

Ксения Балабаева – Қазақстанның ересектер арасындағы әйелдер құрамасының мүшесі. 2024 жылы Будапештте өткен шахмат олимпиадасында күміс алған. Ел намысын бұл чемпионатта Лия Құрманғалиева мен Әмина Қайырбекова қорғады. Әмина 6 ұпай жинап 7-орынға ие болса, Лия 5 ұпаймен 12-орында мәреге жетті.

2025 жылғы әлем чемпионаты (рапид, G20)

  1. WGM Ксения Балабаева (2287) – 7 ұпай;
  2. WIM Афруза Хамдамова (2384, Өзбекстан) – 6½;
  3. WFM Варвара Полякова (2065, FIDE) – 6½;
  4. WFM Анна Журова (2189, FIDE) – 6½;
  5. WIM Умида Омонова (2265, Өзбекстан) – 6.
Серіктес жаңалықтары