$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.09.2025, 02:02
Спорт

Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров әлемдік рейтингте көш бастады

Халықаралық таеквондо федерациясы әлемдік рейтингті жаңартты

Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров әлемдік рейтингте көш бастады
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров әлемдік рейтингтегі алғашқы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

«Ол 63 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі үздік ондыққа енді. Атап айтқанда, Бейбарыс Қаблан (+87 келі) жетінші орынға тұрақтады. Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) сегізінші орынға көтерілді. Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) оныншы орынға жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингінде бірінші орынға көтерілген болатын. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әбужақынова 5021 ұпай жинаған. Ресей спортшысы Сабина Гилязова (4738 ұпай) екінші орынға жайғасса, үшінші орынды италиялық Ассунта Скутто (4727 ұпай) иеленді.

Серіктес жаңалықтары