$ 541.68  636.26  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 04:04
Спорт

Александр Бублик әлемдік рейтингтегі өз рекордын жаңартты

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады 

Александр Бублик әлемдік рейтингтегі өз рекордын жаңартты
Фото: ktf.kz

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жаңартылған тізімде 16-орынға көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл – оның жеке рекорды, бұған дейін спортшы 17-орыннан жоғары көтерілмеген еді.

«Мұндай көрсеткішке Бубликтің Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP сериясындағы турнирде жеңіске жетуі себеп болды», - деп жазылған хабарламада.

Әлемдік рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастап тұр. Екінші орында - италиялық Янник Синнер. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.

Естеріңізге сала кетейік, Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP 250 сериясындағы турнирдің финалында француз Валентен Руайемен кездесті. Тартысты өткен ойында қазақстандық екі сетте 7-6, 7-6 есебімен жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары