$ 541.68  636.26  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2025, 02:02
Спорт

«Бетіме түкіргендей болды»: Әлімханұлының экс-бапкері келісімді неліктен тоқтатқанын айтты

Ол мәселе ақшаға келіп тірелгенін жасырмады

«Бетіме түкіргендей болды»: Әлімханұлының экс-бапкері келісімді неліктен тоқтатқанын айтты
Фото: X/Janibek Alimkhanuly

Америкалық атақты бапкер Джеймс «Бадди» Макгирт қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлымен келісімнің не себепті тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Жәнібек Әлімханұлы Винченцо Гуальтьериге қарсы орта салмақтағы екі чемпиондық белбеу үшін өткен біріккен жекпе-жекке аз уақыт қалғанда, Макгиртпен жұмысын тоқтатқанын жариялаған болатын. Сол уақыттан бастап қазақстандық боксшының жаңа бапкері ретінде Брайан Вилория қызмет атқарып келеді.

«Шындығын айтсам, мәселе ақшаға келіп тірелді. Біз бастапқыда белгілі бір сомаға келістік. Бірақ табыс өсе бастаған соң, олар келісімді қайта қарағысы келді. «Бұл сегіз жекпе-жек бұрынғы әңгіме, оны қайдан есіңде сақтап жүрсің?» деп жауап қатты. Ал мен үшін бұл әділетсіздік болды. Кейін ол әлдеқайда үлкен гонорарға ие болатын жекпе-жек алды, бірақ маған ұсынылған ақша — бетке түкіргенмен тең еді. Сол сәтте мен: «Жарайды, сәттілік тілеймін» деп лагерьге бармадым», — деп түсіндірді ол MillCity Boxing басылымына берген сұхбатында.

Алайда қазір қазақстандық боксшыға қатысты ешқандай жек көрушілік сезімі жоқ екенін, әлі күнге дейін оның әр жекпе-жегінің алдында Instagram-да сәттілік тілейтінін атап өтті.

«Ол мені «OG» деп атайды, мен оны «жас қан» деймін. Бірақ бір нәрсені нақты айтқым келеді: мен өз еңбегімді бағаламайтын бағаға жұмыс істей алмаймын. Мен оның алғашқы алты раундтық айқастарына бірге шықтым, ал үлкен жекпе-жектер келгенде маған тиын-тебен ұсынды. Бұл дұрыс емес. «Сен маған отбасыңдайсың» деп айта тұра, ақшадан қысу — бұл әділетсіздік. Сол үшін біз бұл келісімге нүкте қойдық. Бұл — бизнес, ешқандай жеке реніш жоқ. Достық қалсын, бірақ жұмыс басқа нәрсе», — деп түйіндеді ол.

Серіктес жаңалықтары