«Әкелері үш жерде жұмыс істеді»: ағайынды Махмұд пен Төреханның жеңісі кімнің еңбегі (ВИДЕО)
Спорт журналист Телжан Күдеровтің айтуынша, алтынның екі жағы бар
Жуырда ғана Әлем чемпионатында жеті алтын, бір күміс, екі қола алып, жер жаһанды дүр сілкіндірген боксшылар мен Бокс федерациясының президенті ұлттық арнадағы «Ашық алаң» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соның ішінде, бір үйдің қос чемпионы - Махмұд және Төрехан Сабырхандар да сұхбат беріп, осы алтын медаль үшін қалай дайындалғандарын айтты.
Ал, тікелей эфирге қонақ болған спорт журналист Телжан Күдеров бір алтынның құны қымбат болатынын еске салды.
«Жеңіс әрқашан халықтікі, ал, жеңілген спортшы жетім жүреді. Медальдің әрқашан да екі жағы бар. Әлемдік жарыстарда қазақ елінің намысын қорғайтын спортшылардың төккен тері бір ғана медальмен ақталады. Ал оның артында қаншама жұмыс тұр. Мысалы, федерация, министрлік, Ұлттық олимпиада комитеті қыруар жұмыс атқарып жатыр. Тіпті мына Төрехан мен Махмұдтың әкелері ұлдары осындай дәрежеге жету үшін үш жерде жұмыс істеген», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Лондонның Ливерпуль қаласында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары әлем чемпионатында 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алып, командалық есепте бірінші орын иеленді.
Алтын медаль алған боксшылар:
Санжар Тәшкенбай (50 кг);
Махмұд Сабырхан (55 кг);
Төрехан Сабырхан (70 кг);
Айбек Оралбай (+90 кг);
Алуа Балқыбекова (50 кг);
Аида Әбікеева (65 кг);
Наталья Богданова (70 кг).
Күміс медаль:
Назым Қызайбай (48 кг).
Қола медаль иеленгендер:
Виктория Графеева (60 кг);
Елдана Тәліпова (+80 кг).