01.09.2025, 13:36
Спорт
Елена Рыбакина US Open-2025 турнирінен шығып қалды
Ол үш сетке созылған матчта жеңіліп қалды
Фото: sports.kz
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің 1/8 финалында жарысты тоқтатты. Ол чехиялық Маркета Вондроушовадан ұтылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Матч қалай өтті?
Әлемдік рейтингте 10-шы орында тұрған Рыбакина 60-шы ракетка Вондроушовамен үш сетке созылған матчта жеңіліп қалды. Есеп – 4:6, 7:5, 2:6. Бұл жеңілістен кейін қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалына өте алмады.
Бұған дейінгі жетістіктері
US Open тарихында Рыбакинаның ең үздік нәтижесі – үшінші айналым болатын. Биыл ол алғаш рет 1/8 финалға дейін жетті.
Оған дейінгі кезеңдерде Елена қарсыластарын сенімді жеңді:
- америкалық Джульетта Пареха – 6:3, 6:0;
- чехиялық Тереза Валентова – 6:3, 7:6;
- британдық Эмма Радукану – 6:1, 6:2.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті