$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.08.2025, 23:56
Спорт

Анна Данилина АҚШ-та өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды

Анна жұптық сайыс бойынша WTA турнирлеріндегі 14-ші титулын иеленді

Анна Данилина АҚШ-та өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Анна Данилина серб Александра Круничпен дуэтте Кливлендте (АҚШ) өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше Данилина мен Крунич финалда Хао Чин Чань (Қытайлық Тайбэй) - Синью Янь (Қытай) жұбын 7:6 (7:3), 6:4 есебімен ұтты.

Жартылай финалда Данилина – Крунич дуэті чех теннисшілері Анастасия Децюк / Мириам Шкох жұбын жеңген болатын. Қорытынды есеп – 6:2, 6:4. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.

«Осылайша, Анна жұптық сайыс бойынша WTA турнирлеріндегі 14-ші титулын иеленді: бір WTA 1000, екі WTA 500, сегіз WTA 250 және үш WTA 125 титулы», - деп жазылған хабарламада.

 2023 жылы Данилина фин Харри Хелиёваарамен бірге US Open турнирінде жеңіске жетті. Сондай-ақ қазақстандық теннисші жұптық сында екі «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты: Australian Open 2022 (Беатрис Хаддадпен бірге) және Roland Garros 2025 (Александра Круничпен бірге).  

Серіктес жаңалықтары