24.08.2025, 09:00
Спорт
Арсен Жұма грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде Қырғызстан спортшысы Омур Ынтымак уулун жеңді
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет
Қазақстандық Арсен Жұма грек-рим күресінен Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше балуан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
«Үшінші орын үшін өткен белдесуде Жұма Қырғызстан спортшысы Омур Ынтымак уулун жеңді», - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Шешуші белдесуде Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен есе жіберді. Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар.
Көп оқылған
24.05.2026, 06:14
Түркиядағы туристер көп баратын аймақта жер сілкінді
24.05.2026, 08:28
«Айыппұл төлеу» туралы SMS-тен сақ болыңыз: алаяқтар қазақстандықтарды жаппай алдап жатыр
24.05.2026, 10:03
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
24.05.2026, 10:35
Өскеменде дүкен өртеніп, құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
24.05.2026, 11:15
Азия чемпионаты: отандастырымыз грек-рим күресінен алты медаль еншіледі