$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 08:00
Спорт

Смақов Қазақстан тарихындағы үздік футболшыларды атады

Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, Сейілда Байшақов, деді «Жетісу» клубының бас бапкері

Смақов Қазақстан тарихындағы үздік футболшыларды атады
Фото: ҚФФ

«Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан Премьер-лигасы тарихындағы ең үздік футболшылар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең мықты ойыншылар туралы сұраққа:

«Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, Сейілда Байшақов», — деп жауап берді Смақов.

QSport мәліметінше Тимур Сегізбаев мансабын «Қайрат» сапында өткізген. Жартылай қорғаушы ретінде ол 1958-1970 жылдары алматылық клуб үшін 212 матчқа шығып, 19 гол соқты.

Құралбек Ордабаев он жыл бойы (1972-1982) «Қайраттың» қақпасын қорғап, 254 кездесу өткізді. Сондай-ақ ол Шымкенттің «Металлург» және «Мелиоратор» командаларында да өнер көрсетті.

Сейілда Байшақов та «Қайратта» он жыл (1971-1981) ойнап, 296 матчта 11 голдың авторы атанды. Бұған қоса, ол Жамбылдың «Энергетик» клубында да доп тепті.

Серіктес жаңалықтары