Александр Бублик Австриядағы турнирде жеңімпаз атанды
Александр Бублик осы жеңісінен кейін әлемдік рейтингтегі 25-орынға қайта оралады

Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик (ATP рейтингінде 30-орында) Австрияның Кицбюэль қаласындағы топырақты кортта өткен ATP 250 сериялы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Отандасымыз ақтық сында франциялық Артур Казомен (100-ші орында) кездесті.
1 сағат 26 минутқа созылған матчта Александр Бублик бес эйспен қоса, жеті брэйк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Нәтижесінде 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Оған дейін Александр Бублик аргентиналық Тьяго Агустин Тирантені (130-орын) 6:3, 6:4, қазақстандық Александр Шевченконы (110-орын) 6:4, 6:2 және голландиялық Ботик ван де Зандшульпты (103:3), 6:3 есебімен ұтты.
Осылайша, Бублик қатарынан екінші титулды жеңіп алды: өткен аптада жекелей сында Қазақстанның ең үздік теннисшісі Гштадтағы (Швейцария) турнирде жеңіске жетті.
Александр Бублик осы жеңісінен кейін әлемдік рейтингтегі 25-орынға қайта оралады. Қазақстандық қос турнирде барлығы 181 350 еуро (115,9 миллион теңге) табыс тапты.