$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2025, 23:18
Спорт

Жәнібек Әлімханұлының өтпей қалған жекпе-жегіне қатысты шындық ашылды

Карлос Адамес ұсынысқа 4-5 күн бойы мүлде жауап бермеген

Жәнібек Әлімханұлының өтпей қалған жекпе-жегіне қатысты шындық ашылды
Фото: X/Janibek Alimkhanuly

Әлемдік бокс индустриясының ең ықпалды тұлғаларының бірі, Сауд Арабиясының беделді инвесторы Турки әл аш-Шейх Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасындағы титулдық жекпе-жекті ұйымдастыруға ниет білдіргенін мәлімдеді. Алайда, оның айтуынша, бұл жекпе-жек Адаместің келіспеуінен жүзеге аспай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhyh 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен сіздерге бір шындықты айтайын. Ол (Адамес) менің уақытымды босқа өткізді және өз мүмкіндігін жіберіп алды. Мен оған өте жақсы, жомарт ұсыныс жасадым. Алайда 4-5 күн бойы мүлде жауап болмады. Бұл өте түсініксіз жағдай. Ақырында мен өз ұсынысымды кері қайтарып алдым. Бұл жекпе-жек «Чемпиондар түні» кешінің бір бөлігі болуы керек еді. Жәнібек тарапынан ешқандай қарсылық болған жоқ. Бар мәселе – Адаместе», – деді Турки әл аш-Шейх Thaboxingvoice подкастында.

Бұл ақпаратты Жәнібектің өзі де растады. Ол X (бұрынғы Twitter) желісінде әл аш-Шейхтің сұхбатынан үзінді жарияланған видеоны бөліскен.

Еске сала кетейік, мамырда Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі үздік 20 боксшының қатарына енді. Boxingscene.com порталының мәліметінше ол 20-орыннан көрінді. P4P тізімін америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) бастап тұр. Үздік бестікке сонымен қатар украиналық Александр Усик (23-0, 14 KO), жапониялық Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO), ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) және Артур Бетербиев (21-1, 20 KO) енген. Ал әлемдік бокстың бет-бейнесіне айналған мексикалық Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 KO) рейтингте 8-орынға тұрақтаған.

Серіктес жаңалықтары