Қазақстандық гимнаст қыздар Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Автор: Алмас Ерсін

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты Сингапурде өтіп жатыр

Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Сингапурда өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Отандастарымыз топтық жаттығуларда алтын медаль жеңіп алып, көпсайыста жеңіске жетті. Екінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы иеленсе, Өзбекстан үшінші нәтиже көрсетті», - деп жазды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Айта кетері, бұл бағдарламада ел намысын:

  • Айзере Кеңес,
  • Аида Хәкімжанова,
  • Мәдина Мырзабай,
  • Айзере Нұрмағанбетова,
  • Кристина Чепульская,
  •  Жасмин Жүнісбаева қорғады.

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты 16-18 мамыр аралығында Сингапурде өтеді. Жекелей сында қазақстандық гимнастшылар Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова медаль үшін таласады.  

Қазақстандық гимнастар Словенияда да жеңіске жетті

Қазақстан құрамасының өкілі Диас Тойшыбек спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Ол ат снарядындағы жаттығуда үздік нәтиже көрсетті. Тойшыбек ақтық сында төрешілердің шешімімен 14,033 ұпай жинады.

Сонымен қатар Зейнолла Ыдырысов 13,866 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын албаниялық Матвей Петровқа бұйырды — 13,200 ұпай.

Оқи отырыңыз: