29.04.2025, 06:00
Жаңалықтар
Қазақстандық гимнаст әлемдік додада екі алтын медаль алды
Отандасымыз кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті
Фото: ҰОК
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің екінші финалында да жеңіске жетіп, қанжығасына алтын медаль байлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰОК мәліметінше, отандасымыз кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Ол бағдарламасын сәтті орындап, төрешілердің шешімімен 14,466 ұпай жинады.
Мариос Георгиу (Кипр) 14,066 ұпаймен екінші орынды иеленсе, ал Ноэ Сейферт (Швейцария) 13,866 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Карими бұған дейін еркін жаттығуларда да топ жарған болатын. Ол жалпы есепте де Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Жалпы, оның қоржынында Әлем кубогында жеңіп алған алты алтын медаль бар.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)
15.09.2026, 08:55
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы: солтүстікте – жаңбыр, оңтүстікте – 33 градус ыстық