Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде қар жаууы мүмкін – ауа райы болжамы
Синоптиктер болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, тұман түсіп, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Алматыда найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Ұлытау облысында найзағай ойнап, жел күшейіп, тұман түседі.
Қостанай, Абай облыстарында жаңбыр, бұршақ, қар жауып, жел соғып, найзағай ойнайды.
Қонаев қаласы мен Маңғыстау облысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысында тұман түсіп, жел күшейіп, 3 градус аяз күтіледі.
Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұрқасын соғып, шаңды дауыл тұрады, жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы, Жетісу облыстарында найзағай, шаңды дауыл, екпіні 15-28 м/с жел соғады, жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жезқазған, Семей, Қарағанды қалаларында, Қарағанды облысында найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады.