05.05.2025, 06:08
Спорт
Жібек Құламбаева ITF W100 чемпионы атағын қатарынан екінші рет жеңіп алды
Қазақстан-Латвия дуэті финалда чехиялық Джессика Малечкова және Мириам Ско жұбын ұтты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық Жібек Құламбаева Латвия теннисшісі Дарья Семинистаямен бірге Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше шешуші кездесуде Қазақстан-Латвия дуэті чехиялық Джессика Малечкова және Мириам Ско жұбын 4:6, 6:3, 11:9 есебімен ұтты.
Жібек үшін бұл ITF W100 сериясы турниріндегі қатарынан екінші жеңіс болды. Сәуір айының соңында ол италиялық Фосса Уэргомен бірге Мадридте бас жүлдені иеленді. Құламбаева ITF турнирлерінде барлығы 40 титул жеңіп алған, оның 35-і жұптық және 5-і жекелей сында.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды