$ 510.81  578.59  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.05.2025, 23:59
Спорт

«Жақында тарих жасалады»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Чемпион үшінші титулды алу жолында тер төгіп жатыр

«Жақында тарих жасалады»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Фото: X/Janibek Alimkhanuly

Жеңілмеген қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) Instagram парақшасында алдағы жоспары туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Үшінші титулды алу жолында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр! Құдай қаласа тарих жасалады!», - деп жазды ол.

5 сәуірде Астанада Жәнібек Әлімханұлы жеңілмеген француз Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) екі чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізіп, нокаутпен жеңді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшыны чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

Бұл жеңісі үшін «Қазақ стилі» карьерасындағы ең қомақты гонорарды алды.

Сәуір айының ортасында Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионы титулы үшін доминикандық Карлос Адаместі (24-1-1, 18 КО) жекпе-жекке шақырды.

Серіктес жаңалықтары