$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нариман Құрбанов Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды

Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті

Нариман Құрбанов Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды
Фото: ҰОК

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті. Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері 14.566 ұпай жинап, Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

Бұл сында жеңісті армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды —  14.700 ұпай. Ал Қытай өкілі Яньмин Хун 14.666 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.

Зейнолла Ыдырысов 14.200 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Еркін жаттығуларда Милад Карими бірінші орын иеленсе, Алтынхан Темірбек күміс жүлдені жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары