Бақтияр Артаев күзетші болған бұрынғы ауыратлет Алмас Өтешовке жұмыс тауып берді (ВИДЕО)
Ол спорт саласында әдіскер болып жүр

Зілтемірші Алмас Өтешов осыған дейін спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосыновтан жұмыс сұраған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазір ол өзінің туған жері Қызылордада жұмысқа тұрған. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев зілтеміршіге қолғабыс еткен.
«Жұмысқа кіріскеніме 10 күндей ғана болды. Нәтижесі болар. Қызметке дайынбыз. Қазір облыста біріншілік болып жатыр. Қазір әдіскер болып жүрмін. Осы қызметтен бастаймын. Қызылорда халқына да алғыс. Сұхбатты көрген екен. Таксистер ақша алмайды. Үйімді қайтару жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Үйдегілер де қуанды», - деді Алмас Өтешов.
Бақтияр Артаев Алмас Өтешовке өзіне артылған қызметті жауапкершілікпен алып шығады деп үміт артты.
Айта кетейік, осыған дейін ішімдіктен емделген Алмас Өтешов министр Мырзабосыновтан жұмыс сұрағаны хабарланған болатын.