$ 501.49  525.71  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бойы аласа, өзі онша мықты емес»: Сәкен Бибосынов Хасанбой Дусматов туралы не ойлайды (ВИДЕО)

Ол өзбек боксшысы ыңғайсыз қарсылас емес дейді

«Бойы аласа, өзі онша мықты емес»: Сәкен Бибосынов Хасанбой Дусматов туралы не ойлайды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Бокстан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Хасанбой Дусматовқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Хасанбой Дусматов маған ыңғайсыз қарсылас емес. 2021 жылы бірінші кездесуде оны ұтып, сол жылы Әлем чемпионы болдым. Одан соң ол мені қатты зерттеді. Тактиканы дұрыс қойып, соның арқасында жеңіске жетіп жатыр. Біреулер «бойы аласа, қатты мықты емес» дейді. Соққылары ауыр. Бойы кішкентай болғанымен, қапталдан ұратын соққылары жақсы қойылған. Оны  Өзбекстан халқы «профессор» деп айтады екен», - деді Бибосынов.

Бибосыновтың өзі болса бапкерімен бірге отырып, қарсыласын сағаттап зерттейді екен.

«Құрметтеймін оны. Екі дүркін Олимпиада чемпионы болды. Оны ұтқанымда мен де Олимпиада чемпионы болуым мүмкін еді. Хасанбоймен әлеуметтік желіде араласпаймын. Көргенімізде сәлеміміз түзу. Рингте қарсыласпыз ғой. Жамандығын көрмедім. Бірақ instagram-да қалай дайындалып жатқанын көрейін десем, маған көрінбейді. Қара тізімге қосып қойған сияқты. Бастығымнан қарасам, көрінеді», - деді Сәкен Бибосынов.

 

Серіктес жаңалықтары