27.02.2025, 15:30
Спорт
«Жарыстарға қатыса алмайды»: боксшы Махмұд Сабырхан тамақтан уланып қалды
Бұл туралы бокс федерациясы мәлім етті
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/
Әуесқой боксшы Махмұд Сабырхан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінде жұдырықтаса алмайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бокс федерациясының мәліметіне сүйенсек, дәрігердің шешіміне сай, 54 келі салмақтағы боксшы Странджа халықаралық турниріндегі бүгінгі жекпе-жегіне шықпайтын болды.
«Тағам инфекциясы. 3 наурызға дейін жарыстарға қатыспайды», - деп хабарлайды федерация дәрігердің анықтамасындағы диагнозды ұсына отырып.
Айта кетейік, 24 ақпан мен 2 наурыз аралағында Болгарияда «Странджа» Халықаралық турнирі өтеді.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды