$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Барселона» Чемпиондар лигасының ширек финалына алғаш болып жолдама алды

Испаниялық ұжым Португалияның командасын жарыс жолынан шығарды

«Барселона» Чемпиондар лигасының ширек финалына алғаш болып жолдама алды
Фото: Instagram/fcbarcelona

Футболдан Чемпиондар лигасының 1/4 финалына алғаш болып «Барселона» командасы жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Испаниялық команда турнирдің 1/8 финалында Португалияның «Бенфика» командасымен күш сынасты.

Кездесуде алғаш болып, есепті 11-минутта «Барселона» сапынан бразилиялық Рафинья ашты. Арада екі минут өтер-өтпес португалиялық ұжымнан Николас Отаменди бұрыштама добынан есепті теңестіріп кетті.

Дегенмен «Барселона» қарқынын тоқтатқан жоқ. 27-минутта жас талант Ламин Ямал командасын алға шығарса, бірінші таймның бітуіне 3 минут қалғанда Рафинья екінші голын салды. Есеп - 3:1. Кездесудің екінші таймында есеп өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, бұл қос команда арасындағы екінші кездесу болатын. Португалияда өткен ойында «Барселона» 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Серіктес жаңалықтары