$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2025, 19:11
Спорт

Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенттері тағайындалды

1 ақпан күні ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып Еркебұлан Ильясов сайланды

Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенттері тағайындалды
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенттері тағайындалды. Қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті болып Бақытжан Тұрлыбеков, ал спорт жөніндегі вице-президенті-атқарушы директоры болып Бақдәулет Сәбитов тағайындалды, деп хабароайды Azattyq Rýhy.

Қауымдастық президенті Еркебұлан Ильясов аталған тағайындаулардың Ұлттық спорттың даму жолында маңызды қадам болатынын атап өтті.

Бақдәулет Сәбитов 2022-2025 жылдар аралығында ҚР ТСМ, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» директоры болды. Ал, Бақытжан Тұрлыбеков - «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті қызметін атқарады. 

Еске салайық, 1 ақпан күні ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып Еркебұлан Ильясов сайланды. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, садақ ату, асық ату және Республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ұлттық спорт