09.10.2024, 09:37
Спорт
Дзюдодан 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Бұл туралы туризм және спорт министрі хабарлады
Фото: instagram.com/erbol_myrzabosynov/
2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр Будапешттегі сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесіп, тиісті келісімге қол қойған.
«Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді», - деп жазды министр.
Бұдан өзге Мырзабосынов Қазақстанда Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін ашу туралы уағдаласқан.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)