30.09.2024, 13:30
Спорт
Боксшы Алуа Балқыбекова «Мықтылар турнирінің» үздігі атанды
Осы турнирдің қорытындысы бойынша жаңа маусымдағы құрама жасақталады
Фото: ҰОК
Боксшы Алуа Балқыбекова Қарағандыда әйелдер боксынан өткен «Мықтылар турнирінің» ең үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы болған Алуа Балқыбекова қарсыластарына дес бермеген.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымына жас боксшы Ангелина Витова лайық болды. «Үздік бапкер» сыйлығы Долкунжан Камековке берілсе, "Үздік төреші" атағын Данара Ахметова жеңіп алған.
«Айта кетелік, «Мықтылар турнирінің» қорытындысы бойынша жаңа маусымдағы Қазақстан құрамы жасақталады. Әйелдер боксынан ұлттық құраманың бас бапкері - Елдос Сайдалин», - деп жазды ҰОК.
Көп оқылған
08.06.2026, 11:18
Ақтауда ішіп алған ер адам көшеге тыр жалаңаш шығып кеткен (ВИДЕО)
08.06.2026, 12:58
Арыс қаласында мас әйел төрт адамды қағып өлтірді – оның екеуі бала, біреуі жүкті әйел
08.06.2026, 06:21
Павлодар тұрғыны вокзал маңында ұйықтап қалған канадалық туристің ақшасы мен төлқұжатын ұрлап кеткен (ВИДЕО)
08.06.2026, 14:55
39 градус аптап ыстық, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды