22.09.2024, 14:42
Спорт
Рыбакина тағы бір ірі турнирден бас тартты
Отандасымыз арқасынан алған жарақаты сыр берген
Фото: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты тағы бір ірі жарысқа қатыса алмайтын болды. Отандасымыз арқасынан алған жарақатына байланысты Қытайда өтетін WTA 1000 - China Open турнирінен бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық теннисшінің қатыспайтынын жарыс ұйымдастырушылары растады. Олар турнир кестесіне ескерту жариялады. WTA 1000 - China Open турнирі 25 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасады.
Былтыр Елена Рыбакина бұл турнирде жартылай финалға дейін жеткен. Енді сол жылы алған ұпайын қорғай алмайды. Тиісінше, 390 ұпайынан айырылады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды