$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2024, 15:25
Спорт

Қазақ күресінен сегіз бірдей балуан финалға шықты - Ұлттық құрама

Ертең тағы біраз спортшы қалған төрт салмақта күреседі

Қазақ күресінен сегіз бірдей балуан финалға шықты - Ұлттық құрама
Фото: ұлттық құраманың телеграм арнасы

Бүгін, 9 қыркүйек күні V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ұлттық құраманың сегіз бірдей спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық құраманың баспасөз қызметі хабарлағандай, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан бәсекеде бүгін спортшылар төрт салмақта күрескен.

«Ерлер арасында Бекжан Төлепов (55 келі), Мейіржан Берекетов (60 келі), Дидар Тұғышев (66 келі), Жұмажан Қожамбеков (74 келі) финалға шықса, әйелдер арасында Айжан Жылқыбаева (48 келі), Назерке Азаматова (52 келі), Рауза Нұрмұхамметова (56 кг) мен Бақыт Құсақбаева (60 келі) финалға жолдама алды», - деп хабарлады дереккөз.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, аударыспақтан ұлттық құраманың бүкіл спортшысы көшпенділер ойынының финалына өткен.

Серіктес жаңалықтары