Көшпенділер ойындарында Қазақстан алғашқы алтын жүлдесін алды

Azattyq Rýhy

Ермек Құралбай финалда қырғыз спортшысын жеңді

Көшпенділер ойындарында Қазақстан алғашқы алтын жүлдесін алды
Фото: Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы

Қазақстан спортшысы Ермек Құралбай аударыспақтан көшпенділер ойынының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 60 келі салмақта сынға түскен Ермек Құралбай қырғыз спортшысын жеңіп, алтын медальға ие болған. 

«Жарысқа жақсы дайындалып келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз балуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын», – деді аударыспақтан ұлттық құрама спортшысы Ермек Құралбай.

Айта кетейік, «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелді. Ертең, 10 қыркүйек күні  Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.