Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынына тағы 8 алтын медаль түсті
Қазақ спортшылары 1 күміс, 3 қоланы еншіледі
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан спортшылары әзірге 8 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алтын» алғандар:
Алмат Ләтіпбек – аударыспақтан 70 келі салмақ дәрежесінде;
Бекжан Төлепов – қазақша күрестен 55 келі салмақ дәрежесінде;
Дарын Өткелбай – аударыспақтан 80 келі салмақ дрежесінде;
Жәнібек Құлмырзаев – Дәстүрлі садақ атудан «Пута» нысанасы бойынша;
Назерке Азаматова – қазақша күрестен 52 келі салмақ дәрежесінде;
Баты Бексауыт – жамбы атудан;
Мейіржан Берекетов – қазақша күрестен 60 келі салмақ дәрежесінде алтын жүлдегер атанды.
«Күмісті» Айтбек Сарыбай – жамбы атудан алса, Бірімжан Асылмұрат мас-рестлинг бойынша 65 келі салмақта, Тахмина Қожамбердиева мас-рестлинг бойынша 55 келі салмақта; Ералхан Айкөз жамбы атудан қола медаль алды.
Бұған дейін, Ермек Құралбай 60 келі салмақ дәрежесінде аударыспақтан алтын алқа алса, Айжан Жылқыбаева 48 келі салмақта қазақша күрестен чемпион атанған еді.