01.09.2024, 18:49
Спорт
Садриддин Ахмедов америкалық боксшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді
Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-тың Санта-Инез қаласында өткен бокс кешінде жергілікті боксшы Антонио Тоддты (17-10, 9 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Алайда, отандасымыз бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедов кәсіпқой карьерасында он төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Антонио Тодд кәсіпқой рингтегі он бірінші рет қарсыласынан жеңіліп қалды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
