Бастық болуды ойлаған да жоқпын, жоспарлаған да емеспін - Демеу Жадыраев (ВИДЕО)
Спортшыға костюм-шалбардан гөрі, спорт киімі ыңғайлы екен
Париж Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған Демеу Жадыраев «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында бастық болуға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Басшылық қызметке келуді ойламаппын. Ондайды жоспарламаппын да. Ол алдағы уақыттың еншісінде деп ойлаймын. Көп жағдайда біз костюм-шалбар емес, оқу-жаттығуларда жүргендіктен, спорт киімімен жүреміз», - дейді спортшы.
Жадыраев атағандай, бастық болу қызметіне шақыру алу мүмкіндігі жайлы да ойлмаған.
«Қазір шәкірт болып жүргеннен кейін, ағайымыздың айтқанын орындап жүргендіктен ондайды мүлдем ойламаппын. Жоспарымда да ондай болмаған», - дейді Демеу Жадыраев.
Еске салсақ, мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездескен еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушы спортшылар мен бапкерлерді Париж Олимпиадасындағы жетістіктерімен құттықтап, әрбір жеңіс зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі екеніне назар аударды.
Ал, Ақордада президентті күтіп жүрген Демеу Жадыраев спорттағы досы Елдос Сметовпен күресе жөнелген.