Демеу мен Елдос Ақордада күресе жөнелді (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Желі қолданушылары екі спортшының бұл әрекетіне тамсанып жатыр

Демеу мен Елдос Ақордада күресе жөнелді (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Күні кеше Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлерін қабылдап, оларды құттықтаған болатын. Бұндай саяси шараларда әдетте Ақорданың қонақтары ертерек жиналады. Президентті күтіп жүрген қос балуан – Елдос Сметов пен Демеу Жадыраевтың күрескен видеосы тарады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Спортшылардың видеосын журналист Әділ Блатабаев түсіріп алған. Ақорданың салтанатты залына жиналған спортшылардың біразы өзара әңгімелесіп отыр. Сол сәтте Олимпиада чемпионы Елдос Сметов алдынан шыққан Демеу Жадыраевпен амандасқан. Оны көрген кезде қуанышын жарыса алмаған Демеу Жадыраев Сметовпен күрескісі келіп, әзілдескен.

Екі спортшының видеосы қазір әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатыр. Қазақстандықтар екі батырдың бұл әрекеті өздеріне жарасады деп, әзілдеріне қолдау білдірген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.