16.08.2024, 12:55
Спорт
Үш жыл жекпе-жек өткізбеген Данияр Елеусінов шаршы алаңға оралады
Боксшы 28 қыркүйекте бокстасады
Фото: olympic.kz
«All Stars Boxing» компаниясының баспасөз қызметі қазақстандық атақты боксшы Данияр Елеусіновтың келесі жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«All Stars boxing» кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өнер көрсетеді»,- деп хабарлады компания.
Турнир 28 қыркүйекте «Алматы аренада» өтеді.
Айта кетейік, кәсіби рингтегі соңғы жекпе-жегін Елеусінов 2021 жылдың желтоқсанында Астанада аргентиналық Хуан Герман Лилге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақта IBO титулын жеңіп алды.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)