Өзбекстан Олимпиада чемпиондарын сән-салтанатымен қарсы алды (ВИДЕО)

Аягөз Құрмаш

Оларға ақшалай сыйақы мен көлікке ие болды 

Өзбекстан Олимпиада чемпиондарын сән-салтанатымен қарсы алды (ВИДЕО)
Фото: anhor.uz

12 тамызда Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстанның Олимпиада құрамасы салтанатты түрде елге оралды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

 Іс-шараға спортшылардың туыстары, жанкүйерлер, сондай-ақ шенеуніктер қатысқан. 

Салтанатты кездесуден кейін спортшылар әдемі автобустарға мініп, Ташкент қаласын аралап шыққан.

Аnhor.uz хабарлағандай, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері үшін автомобильдер дайындалған: алтын медаль иегерлері үшін 8 Tahoe жол талғамайтын көлігі және күміс және қола медаль иегерлері үшін 5 BYD Song Plus Champion көліктері. Сонымен қатар спортшыларға ақшалай сыйақы беріледі: алтын медаль үшін 200,000 доллар, күміс үшін 100,000 доллар және қола үшін  50,000 мдоллар.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет 8 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 13-ші орынға ие болды. Бұл ел тарихындағы ең үздік нәтиже, олар Орталық Азия мен ТМД елдері арасында бірінші орын, сондай-ақ Азияда төртінші орын иеленіп отыр. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.