$ 488.91  532.62  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Алалағандай болдық, ұят!»: күміс жүлдегер Нариман Құрбановтың елеусіз қалғаны талқыланып жатыр

Заңгер Ләззат Ахатова Құрбановқа неге сый-құрмет көрсетілмегеніне қапаланды 

«Алалағандай болдық, ұят!»: күміс жүлдегер Нариман Құрбановтың елеусіз қалғаны талқыланып жатыр
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Заңгер Ләззат Ахатова Олимпиададан күміспен оралған Нариман Құрбанов құрмет-қошемет пен сыйлықсыз қалғанына қынжылатынын жазды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

«Медаль алмағандарға да көлік сыйлап жатқан жомарт қазақ, қоланы алтынға бергісіз етіп, қарсы алып жатқан қазақ, тіпті 9-орын алып келген спортшыға Астанадан пәтер беріп жатқан қазақ, бір Нариманға келгенде, тарылғандары қынжылтты. Күміс әкелді ғой елге. Гимнастикадан ешкім жетпеген жетістікке жетті. Сол жетістік тақиямызға тар келіп тұр ма? Айналдырған 7 медаль өзі. Ұлтына қарап, алалағандай болдық қой, ұят болды. Атымызға, елдігімізге сын болды. Қазаққа күйеу бала болады екен, легионер емес, өзіміздің бала ғой. Олимпиада төрінде туымызды арқасына жамылып, мәз боп жүрді, », - дейді Ләззат Ахатова.

Ол жомарт азаматтар әлі де оған сыйлық беретініне үміт артты.

«Біздің қазақта жомарт азаматтар аз емес, әлі де басқаларға көрсеткен сый-құрметті жасауға кеш емес. Ұят болмасын, ағайын», - деп жазды ол.

Еске салсақ, Олимпиадада 9-орын алған теннисшіге Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйланған еді.

Серіктес жаңалықтары