Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Астанаға келді (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Оны әуежайдан әкімдіктің шенеуніктері мен бір топ жанкүйер күтіп алды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Астанаға келді (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін иеленген Нұрбек Оралбай Астанаға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Боксшыны әуежайдан қарсы алған жанкүйерлері онымен суретке түсіп, құрмет көрсетті. Оны қарсы алғандардың арасында Лондон Олимпиадасының чемпионы, «Қазақстан спортшылары одағы» РҚБ президиумының төрағасы Серік Сәпиевті байқауға болады.

«Өкінішке қарай, екінші орын алып қалдым. Жанкүйерлерім үшін алтын алып, қазақ елін қуантып, көк туымызды желбіреткім келіп еді. Бұл жолы бұйырмапты. Алла қаласа, келесі Олимпиадада бар күшімді саламын», - деді бір топ жанкүйердің алдында сөз алған Нұрбек Оралбай.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай финалдық кезеңде украиналық Александр Хижняктан жеңіліп, күміс медальді еншіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.