08.08.2024, 15:29
Спорт
Париж-2024: еркін күрестен Мейрамбек Қартбай қырғыз балуанына жеңілді
Ол ширек финалға өте алмады
Фото: Тұрар Қазанғапов/olympic.kz
Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
57 келіде бақ сынаған Қартбай алғашқы белдесуде қырғызстандық Бекзат Алмазуулымен белдескен. Өкінішке қарай, қазақстандық балуан 1:4 есебімен қарсыласқа жол берді.
Жарысты әрі қарай жалғастыру үшін Мейрамбек Қартбай қырғыз балуанының финалға дейін сүрінбеуін күтеді.
Еске салайық, еркін күрестен Қазақстан командасының үздігі Азамат Дәулетбеков америкалық балуаннан 1 ұпайға жеңілді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды