$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Шашын бояп, құлағын тескенге қарағанда жақсы»: Елдос Сметов желіде өзін уағыз айтты дегендерге жауап берді

Оның бапкері де шәкіртін қолдады

«Шашын бояп, құлағын тескенге қарағанда жақсы»: Елдос Сметов желіде өзін уағыз айтты дегендерге жауап берді
Фото: видеодан скриншот

Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзінің уағыз айтуға қатысты жұртшылықтың пікіріне жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Бұл жерде жаман дүние айтылмаған сияқты. Уағыз форматында айтылған нәрсе емес. Бұл – менің басымнан өтіп жатқан оқиға. Сол әсермен бөліскім келді. Арнайы адамдарды жинап, уағыз айту мақсатында айтылған дүние емес. Жақындарыммен бөлісу мақсатында айтқан болатынмын. Бұл кері тәрбие беріп, жаман дүниеге насихаттау деп ойламаймын. Басқа біреулердің шашын бояп, құлағын тесіп жүргеніне қарағанда осындай әңгімелер көп болғаны дұрыс деп ойлаймын», - дейді Елдос Сметов.

Елдос Сметовтің «қарсыластарым көзіме кішкентай болып көрінді» деген мәлімдемесіне қатысты оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев өзінің пікірін қоса кетті.

«Біздің батыр ағамыз Талғат Бигелдинов өзінің дұғасын айтып ұшатын. 13 нөмірлі ұшаққа отырып ұшқан. Ол кісі қанша ұшса да, аман-есен оралған. Әр ұшқан сайын дұғасын айтып отырған. Дұға деген жақсы дүние. Дұға жасаудың арқасында іштей сенімділік болады. Күресі де жақсы болды. Іштен дұғаны айтып жүрген де жақсы», - дейді бапкер.  

Еске салсақ, осыған дейін Елдос Сметовтің желіде бірқатар дін жайлы айтып жүрген видеолары тараған еді.

Серіктес жаңалықтары