Чемпион Елдос Сметовтың уағыз айтып отырған видеосы көпшіліктің талқысына түсті (ВИДЕО)

Темірхан Айжан

Спортшы жақында Париж Олимпиадасының чемпионы атанған 

Чемпион Елдос Сметовтың уағыз айтып отырған видеосы көпшіліктің талқысына түсті (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Дзюдошы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің уағыз айтып отырған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода көргеніміздей, Сметов дастархан басында отырып әлдебіреулерге «адам басынан түскен қиындықтарды шешу жолын тек діннен ізде» деген месседж беретін уағыз айтқан.

«Сираны (Пайғамбардың ғұмырнамасы) тыңдай бер. Нұрсұлтан ұстаздың сирасы бар, Ерлан Ақатаевтың сирасы бар. Сен Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымызбен қай жағынан танысқың келеді, бәрі дайын тұр. Бірақ біз оған қарамай, проблеманың шешімін басқа жақтан іздейміз. Пайғамбарымыздың, саһабалардың басына түсткен сынақтар, біздің басымызға түссе, өліп кетеміз. Бізге келіп жатқан сынақтар: материалдық жағдайдың болмауы, үйде әйеліңмен ұрысып қалу, көшеде біреумен төбелесіп қалу, бір күнәға батып кету, «косяк-қа» кіріп кету. Оның бәрі уақытша нәрсе. Алладан тәубеңе түс деп келіп жатқан белігіні уақытында түсінсең - жетістігің», - дейді ол.

«Мынаның миы уланған ғой», «Ешқандай уланбаған кәдімгі мұсылманның айтатын сөзі», «Чемпион жігіт, сіз жолыңызды жалғастыратын чемпион тәрбиелеңіз. Мықты мықты спортшылар тәрбиелеңіз. Дінді уағыздап керек емес дер едім», «Сенген қойым сен болсаң, деген мақалдың кері ғой. Арабтың саһабасын айтқанша, өзіміздің қазақ батырларын айтса жарасады. Сосын нағыз қазақтардың жігіттері елу жасқа дейін сақал қоймаған. Бұл енді өзін арабпын депгісі келіп отыр ғой. Өз ұлтын сүймесе, оның чемпиондығы кімге керек» деген пікірлер қалдырған желі қолданушылары.

Еске салайық, Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.