Париж-2024: бүгін қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сынға түседі
Қазақстан құрамасының қоржынында 7 медаль бар
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 8 тамыз күні қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар – көркем гимнастика, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс, еркін күрес және құзға өрмелеу.
8 тамыздағы жарыс кестесі:
Көркем гимнастика
13:00-18:00. Эльжана Таниева
Байдарка мен каноэде есу
13:30. Мария Бровкова
16:20 Сергей Емельянков, Тимур Хайдаров
Грек-рим күресі
14:00. Ерлер. Бастапқы кезең. 87 келіге дейін. Нұрсұлтан Тұрсынов
Қазіргі бессайыс
14:00. Георгий Борода Дудочкин
17:30. Елена Потапенко
Еркін күрес
14:00. 21:15. Мейрамбек Қартбай, Азамат Дәулетбеков
Жартылай финал. Құзға өрмелеу
15:35. Әмір Маймұратов
15:54. Финал
Олимпиаданың 13 тәулігінде Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.