06.08.2024, 16:26
Спорт
Париж-2024: Демеу Жадыраев қырғыздың екі дүркін әлем чемпионын жеңді
Балуан Олимпиаданың жартылай финалына өтті
Фото: Тұрар Қазанғапов/olympic.kz
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жазғы ойындардың ширек финалында Жадыраев әйгілі қырғыз балуаны, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жеңді. Есеп - 3:1.
Грек-рим күресінен 77 келі салмақта сынға түсіп жатқан Демеу Жадыраев енді Олимпиаданың ақтық сынына өту үшін бар күшін салады.
Оның жартылай финалдағы қарсыласы енді анықталады.
Бұған дейін Демеу колумбиялық Алексис Муньесті 9:0 есебімен жеңгенін хабарладық.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр