03.08.2024, 16:04
Спорт
Мырзағали Айтжанов: Енді жеңісті бермесе, не істейсің?!
Ұлттық құраманың бас бапкері Олимпиада жайлы пікір білдірді
Фото: Olympic.kz
Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Сәкен Бибосынов өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматовтан жеңілген соң кездесу жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жалпы, Олимпиада бізге өте сәтсіз болды. Жігіттердің барлығы ұятқа қалдырып, нашар бокстасқан жоқ. Сол себептен біреуді кінәламаймыз. Жігіттердің барлығы барын салды. Бұл – Олимпиада, оңай қарсылас жоқ. Жеңіс бізге бұйырмады», - деді М.Айтжанов.
Ол сөзін жалғай отырып, төрешілер тарапынан әділетсіздік болды ма деген сауалға да өз ойын білдірді.
«Оны айта алмаймыз. Бірақ көзге көрініп тұр ғой. Енді жеңісті бермесе, не істейсің?!» – дейді ол.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды